$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК Жаңаөзенде деструктивті діни ағымдағы екі адамды ұстады

9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.

2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде, екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды.

9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.

Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары