$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда жер үй өртеніп, екі адам қаза тапты

Оқиға орнына түрлі қызметтер жетті.

Алматыда жер үйде екі адам тірідей өртеніп кетті.

Куәгерлердің айтуынша, Түрксіб ауданы Волочаев көшесіндегі 399-шы үйде өрт болған. Баспана толықтай өртенді. Шамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды.  

Төтенше оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр.

Оқиға орнына түрлі қызметтер жетті. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары