$ 494.87  520.65  4.91

Есіл өзенін ластаған жүргізушілер ұсталды

Халық көп жиналатын жерлерде шамамен 30 рейд өткізілді.

Елордалық полиция Есіл өзенін ластаған жүргізушілерді ұстады. Оларға әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Таза Қазақстан» жедел-алдын алу шарасы барысында экологиялық заңнаманы бұзған жүргізушілер ұсталды.

Олардың бірі көлігін өзен жағасында жуып, екіншісі белгіленбеген жерден су алып жатқан.

Екеуі де ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылады.

Айта кетейік, елордада «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу шарасы 24 шілдеден бастап өткізіліп келеді. Полиция экологиялық заңнаманы бұзушылардың әрекеттерін анықтап, жолын кесуде.

«Жедел-алдын алу шарасы басталғалы, халық көп жиналатын жерлерде шамамен 30 рейд өткізілді. 250-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары