$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік цирк әртісі Павлодарда такси жүргізушісі болып жүр

Цирк қызметкерлері Ресейге қайтуға асығар емес. Себебі, ол жақта да түрлі шараларды өткізуге тыйым салынған.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Ресейлік цирк әртістері былтыр желтоқсанда Қызылжарға табан тіреген болатын. Өнер көрсетіп, кейін демалыс жариялапты. Сол кезде ұжымдағы 20 шақты адамның біразы үйлеріне қайтып, төртеуі аң-құстарымен осында қалған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Көктемде гастрольді жалғастыруды жоспарлаған. Бірақ көктем келе карантин жарияланып, шекара жабылды. Цирк қаржылық қиындықтарға тап болған соң, екі қолға бір күрек іздеуге мәжбүр болыпты. 

"Циркті асырауға бір айда шамамен жарты миллион теңгедей ақша кетеді. Цирктің жеке қорындағы ақша жарты-ақ жылға жетті. Мен мамыр айында өз көлігіммен таксиге жұмысқа орналастым, тағы бір қызметкеріміз осы ауылда дәнекерлеуші болып жұмысқа шықты. Әрбіреуіміздің айлығымыз 100 мың теңгеден аспайды. Бұл қаражат бізге аздық етеді. Жергілікті тұрғындарда мейілінше көңіл бөліп келеді. Бізге тамақ, кейде қаржылай көмектеседі", - дейді цирк әртісі Иван Щербаков. 

Цирк құрамында қазір 4 адамнан бөлек, арыстан, аю, ит пен екі тотықұс бар. Соңғылары жем-шөппен қоректенсе, аң патшасы тек ет қана жейді екен. Лақап аты «Ляля» дейтін мына арыстан күніне 10 келі ет тұтынады деді.

 "«Ляля» тек сиыр етін ғана жейді. Өзгесін берсін тұмсығын тыржитады. Ал аю бізде керісінше ет жемейді. Көкөніс көп береміз. Жануарлар өзінің сахналық нөмірін ұмытып қалмау үшін ара-тұра жаттығып тұрамыз", - деді амалсыздан такси жүргізушісі болып жүрген әртіс.

Цирк қызметкерлері Ресейге қайтуға асығар емес. Себебі, ол жақта да түрлі шараларды өткізуге тыйым салынған. Қазір олар карантиннің жеңілдетілуін тағатсыздана күтуде. Шектеулер алынған соң, Қазақстанның басқа өңірлерін аралап, турнелерін жалғастыруды көздеп отыр. 

Қызылжарға гастрольдік сапармен келген ресейлік цирк карантиннің кесірінен 8 айға тұралап қалды. Қазақстанды аралауды көздеген «Сібірдің алтын циркі» деп аталатын ұжым былтырғы жылдың желтоқсан айында турнені бастап, Петропавлда табан тіреді. Бірнеше көрсетілімді сахналаған соң, әртістер қысқы демалысқа шыққан. 20 адамнан тұратын ұжымның басым бөлігі үйлеріне қайтып, төрт әртіс осында қалды. Ал көктемде жұмысын жандандыруға карантин қолбайлау болған. Бірнеше айдан бері қол қусырып отырған цирк бүгінде қаржылық қысылтаяңға ұшырады. Жануарларды тамақтандыру үшін әртістер түрлі жұмысқа орналаса бастапты. Бейнетке тап болған циркке жергілікті тұрғындар қол ұшын созды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары