$ 449.3  489.69  4.89

ҰҚК жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған 4 адамды ұстады

Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында «қойылма» деп аталатын жолмен жүзеге асырылған.

Жасырын есірткі зертханасының жұмысына қатысы бар 4 адам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 30-31 шілдеде ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде Қазақстан Республикасының үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады.

Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар.

Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында «қойылма» деп аталатын жолмен жүзеге асырылған.

Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылды.

Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары