$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда 13 жастағы қызға анайы ұсыныс жасаған азамат іздестіріліп жатыр

Куәгерлердің айтуынша, ол педофил болуы мүмкін.
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Қостанайлық тұрғындар белгісіз ер адамның мектеп жасындағы қыз балаға жақындап, әңгімеге тартқанын айтып, полицияға шағымданды. Белгісіз ер адамды сыртынан фотоға түсіріп алған ерлі-зайыптылар адамдарды сақ болуға шақырып, бұл жағдайды WhatsApp мессенджері арқылы таратқан. Бұл туралы azattyq-ruhy.kz alau.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.   

«Қаланың дәл ортасында жасы шамамен, 13-тегі қызға жақындап, әңгімелескен белгісіз ер адамды байқадық. Былай әдеттегі әрекет сияқты болғанымен, бұл жағдай әйеліме ерсі көрінді. Біз жанына жақындап, оның қызға әдемі екенін айтып, сүюін өтінгенін естідік. Мен бірден қыздың жанына барып, оның (белгісіз ер адам – ред.) таныс адам екеніне көз жеткізбек болдым. Ол танымайтынын айтты. Сосын ер адамға аулақ жүруін айтып, қызды өзімізбен бірге алып кеттік. Біз қызға мұндай жағдайда айналасына белгі беру үшін айғайға басып, қашып кету керек екенін айттық. Мұндай жағдайдың соңы неге апаратынын қайдан білеміз? Сақ болыңыздар! », - деп жазған куәгер.

Қостанай облысының Полиция департаментіндегілер қазір барлық жеке құрам белгісіз ер адамды іздеуге кіріскенін хабарлаған.

«Жағдай тіркеуге алынды. Полиция белгісіз ер адамның жеке басын анықтап, болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін шара қолданады. Полиция жасағына бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ облыс тұрғындарынан осындай жағдайдың куәсі болсаңыз, дереу «102» нөміріне хабарласуды сұраймыз», - делінген облыстық ДП хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары