$ 439.43  473.31  4.82

Алматыдағы кардиологиялық орталықта жарылыс болып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Нысан өкілдері өрт сөндірушілерге эвакуация жасағанда оттегін тарату пунктінің бір жұмысшысы жоқ болғанын хабарлады. Олардың айтуынша, жарылыс болған кезде техник жұмыс орнында жүрген.

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, жергілікті ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, өрт Алмалы ауданындағы Төле би көшесі, 93 мекен-жайында болған. Ғимаратта оттегі толтыру пункті орналасқан екен. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оның төбесі құлаған.

«Департаменттің күштері мен құралдары құрамында 14 техника мен 42 адам жұмыс істейді. Жеке тұрған ғимараттың шатыры жанып тұр. Ғимаратта оттегі баллондарының жарылу қаупі жойылды», - деп хабарлады департаменттен.

Нысан өкілдері өрт сөндірушілерге эвакуация жасағанда оттегін тарату пунктінің бір жұмысшысы жоқ болғанын хабарлады. Олардың айтуынша, жарылыс болған кезде техник жұмыс орнында жүрген. Бұл уақытта ғимарат толық өртеніп, төбесі ортасына түскен болатын.

Өрт сөндірушілер су бүрку барысында қаза тапқан адамға іздестіруді қоса жүргізіп, мәйітті жарылған газ баллонының қасынан тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары