Нұр-Сұлтанда Chevrolet Cobalt жүргізушісі мас күйде алты көлікті соғып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол-көлік оқиғасы 19 тамызға қараған түні болған.
"Chevrolet Cobalt маркалы көліктің 41 жастағы жүргізушісі Кенесары көшесінде мас күйінде рульді басқара алмай, алты автокөлікпен соқтығысқан. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.