Танымал ресейлік актер Михаил Ефремов Мәскеудегі Пресненск сотының отырысы барысында шу шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.
Естеріңізде болса, актер 8 маусымда Мәскеуде жол апатына ұшырап, ол соққан көліктің жүргізуші қаза болғаны еді. Осы оқиғаға байланысты сот отырысып өтіп, сол кезде судья қорғаушы тараптың куәгері Александр Кобецтен жауап алды. Александр Кобец - жол апаты болған жерге бірінші келген куәгер, ол Ефремовтің көлігін басқа адам тізгіндегенін айтып отыр.
фото: bublik.delfi.ee
Сот отырысы кезінде зардап шеккен тараптың қорғаушылары куәгерге сұрақ қойғанда актер өзін ұстай алмай қалды. Ол адвокаттың сөзіне бұлқан-талқан болып ашуланды.
"Жоқ-жоқ-жоқ, былай Скабеев айтып жатыр, адвокат емес", - деді Ефремов.
Кейін актер өзінің адвокаты Эльман Пашаевты қорғап, зардап шегуші тараптың адвокаты Анна Бутырина актерді "куәгерден жауап алуға кедергі жасайды" деп оны сот залынан шығаруды сұрады.
Ефремов болса, "Ештеңе есімде болмаса, кінәмді қалай мойындаймын? Үшеумізді де шығаруды сұраймын", - деді ол.
Оған қоса, Ефремов куәгерге қойылған сұрақтардың барлығына ашуланды. Сондықтан судья оны залдан шығарып жібере жаздады.
20 тамызда Мәскеудегі сотта адам өліміне әкеп соққан жол апатына күдікті Михаил Ефремовке қатысты іс қаралды. Отырыста қорғаушы тараптың куәгерлері тыңдалды. Олардың бірі - Александр Кобец. Ол апат болған кезде актер рульде болмағанын айтқан. 100 пайыз жолаушының орнында отырды", - деген еді. Бірақ кейіннен жауабын нақтылау үшін сұрақтар қойылғанда Александр Кобец бір көзінің дұрыс көрмейтінін және оқиға болар алдында ішімдік ішкенін мойындады. Нәтижесінде судья жазбаша дәлелдерді қабылдаудан бас тартты.