23.08.2020, 01:40

Елордада полиция пунктінің есік-терезесін ұрғылаған қара киімділер елді шошытты (ВИДЕО)

Видео Instagram-дағы «Жалобы Астана» аккаунтында жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тірек пунктіне жасалған «шабуылға» қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik-ке сілтеме жасап.

Видео Instagram-дағы «Жалобы Астана» аккаунтында жарияланды. Кадрдан қара киім киген бір топ адамның ғимараттың есік-терезесін ұрғылап жатқаны байқалады.

«Бұл тірек пункті емес пе? Не болып жатыр? Оң жағалаудағы үйдің тұрғындары сенбі күні таңертең тарсыл-гүрсіл мен айғай-шудан оянып кетті», - делінген жазбада.

Ал қалалық Полиция департаментінің ақпаратынша, 22 тамызда Байқоңыр ауданы полиция басқармасының базасында оқу-жаттығу өткен.

«Кеңейтілген жедел тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Ол 23 тамызда да жалғасады», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Сондай-ақ, полиция елордалықтардан жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.