24.08.2020, 09:40

Рудныйда 10 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Фото: stan.kz
10 автобус өртке оранып, 2 автобусқа зақым келді.

Рудныйдағы автокөлік кәсіпорны аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап. 

"19-да Рудный өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Рудный Автотранс ЖШС-нің аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жолаушы автобустарының жанып жатқаны белгілі болды. Автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Өрт сөндірушілер мен мекеме өкілдері 12 автобусты қауіпсіз аумаққа шығарды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

10 автобус өртке оранып, 2 автобусқа зақым келді. Өртті сөндіруге арнайы екі техника және 18 адам жұмылдырылды. 

Өрт сағат 5.10-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.