24.08.2020, 16:00

Шахтинскідегі боксшының өліміне қатысты тың дерек белгілі болды

фото: pixabay.com
Вокзал артындағы жазық далада айғай-шу естілген.

Шахтинск қаласында 24 жастағы боксшыны өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тергеушілер спортшыны вокзал артындағы қуысқа неге алып кетіп, оны не үшін пышақтағаны жайлы мәлімет бермеген, деп жазылған "patriotkaragandy" парақшасында.

"Біз достарының бәріне қоңырау шалдық, бірақ ешайсысы сөйлескісі келмейді... Иван "Қарағанды ​​облыстық бокс федерациясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі болған", - деп жазылған парақшада.

Кісі өліміне күдікті ұсталды. Ол - 20 жаста.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шахтинск қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі, "Кісі өлтіру" бойынша жүргізілуде, - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.

24 жастағы боксшы 20 тамызда таңғы  уақытта Шахтинск қаласындағы теміржол вокзалының жанындағы жанжал кезінде қаза тапты. Вокзал артындағы жазық далада айғай-шу естілген. Ол ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысты, бірақ спортшы есін жимастан, қайтыс болды.