$ 498.34  519.72  4.85

«Денесін өртеп жіберген»: Алматы облысында қызды еш себепсіз өлтірген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Полицейлердің айтуынша, ұсталған азамат 20 тамызда түскі 12.00 шамасында қызға ешқандай себепсіз шабуыл жасаған, содан кейін оны өлтіріп, іздерінен арылу үшін денені өртеп жіберген.

Алматы облысының Өрнек ауылында қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде кісі өлтіру фактісі ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен аталған ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын тонағаны үшін сотталған және еш жерде жұмыс істемейтін азамат күдікті қылмыстың мән-жайын мойындап, егжей-тегжейлі баяндады", - деді Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Данияр Меңдебаев.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлердің айтуынша, ұсталған азамат 20 тамызда түскі 12.00 шамасында қызға ешқандай себепсіз шабуыл жасаған, содан кейін оны өлтіріп, іздерінен арылу үшін денені өртеп жіберген. Еске салайық, жоғалған қыз 21 тамызда Алматы облысында өлі күйінде табылды.

Сол кезде Алматы облыстық полиция департаментінде 1999 жылы туылған қыздың денесі Еңбекшіқазақ ауданы Өрнек ауылының сыртында табылғанын айтты.

"Осыдан бір күн бұрын полицияға туысқандары қыздың жоғалып кеткені туралы арыз жазды. Полиция іздестіру шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы адам өлтіру бойынша ыактісі ретінде тіркеліп, сараптама тағайындалды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз туралы хабарлама тараған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары