Алматыда арық жанынан өтіп бара жатқан кездейсоқ адам онда тірі жатқан сәбиді аңғарған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, жаңа туған нәресте түннің алғашқы сағатында Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықтан табылды. Оқиға орнына куәгер дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.
"Бала ауруханаға жеткізілді. Онда оның денсаулығына баға беріліп, күтімі қамсыздандырылады. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері баланың биологиялық анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде", - делінген хабарламада.
Полиция баланың биологиялық анасы туралы білген кез-келген ақпаратты ішкі істер органдарының кез келген бөліміне дереу хабарлауды сұрайды.