$ 443.85  474.3  4.8

Қапшағайда дүкен сөресінен 6 қуыршақ ұрлаған әйел ұсталды

Ұсталған азаматша таңертең қызымен бірге ауруханадан үйге қайта оралу кезінде дәріхананың жанында сөреде түрлі-түсті, сүйкімді қуыршақтарды көргенін түсіндірді.

 Қапшағай полицейлері ұрланған қуыршақтарды сатушысына қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Қапшағай полициясының кезекші бөліміне балалар ойыншықтарын сататын дүкен сөресінен алты қуыршақтың қолды болағыны туралы 32 жастағы сатушысы арызданған. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жақын маңда орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын тауып, зерделеу барысында учаскелік инспекторлар қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қапшағай қаласында тұратын 26 жастағы тұлғаны тергеу бөліміне қуыршақтармен бірге жеткізді. Ұсталған азаматша таңертең қызымен бірге ауруханадан үйге қайта оралу кезінде дәріхананың жанында сөреде түрлі-түсті, сүйкімді қуыршақтарды көргенін түсіндірді.

 Ақшасы жоқ және сатушының басқа жаққа назарын аударғанын пайдаланып, ол жасырын түрде қызына алты қуыршақты үптеп кеткен. Кейін полиция қызметкерлері ұрланған заттарды тәркіледі. Ұсталған күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары