$ 443.85  474.3  4.8

Атыраулық тұрғынның көлігінен қара уылдырық табылды

Осы оқиға бойынша cотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

26 жастағы тұрғын Атырауға жетпей, жолда қара уылдырықпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Атырау полицейлері  30 тамыз күні жедел іс-шара барысында "Ақтөбе – Астрахань" тас жолының Аққыстау селосы тұсында Атырауға бағыт алған "Ваз-2114" көлігін тоқтатты. Исатай ауданы Жанбай селосының 1994 жылғы тұрғынының басқаруындағы көлік салонынан салмағы бір келі болатын қолдан дайындалған бекіре балығының қара уылдырығы табылды. 

ҚР ҚК 339-1-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша cотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары