Германия полициясы Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде орналасқан Золингендегі пәтерден денелері табылған бес баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Балаларды өлтірді деген күдікке анасы ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ euronews.com-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, балалардың әжесі полицияға қоңырау шалған, содан кейін тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан пәтерді тексеруге барған.
"27 жастағы ана Дюссельдорфта пойыздың астына түсіп, өмірімен қош айтыспақ болып, ақырында жарақат алып қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр және біз, әрине, болған жағдайға байланысты әйелден жауап алатын боламыз",– дейді полицияның ресми өкілі Штефан Вейнд.
"Әйелнің жанында оның алтыншы баласы, 11 жасар ұлы болды. Қуанышқа орай, баланың жағдайы жақсы",– деп нақтылады
Солтүстік Рейн-Вестфалия Ішкі істер министрлігінің басшысы Херберт Ройль. Оқиғаның мән-жайы туралы ештеңе белгісіз, қосымша мәліметтер әлі хабарланған жоқ. Күдікті полицияның қорғауында. Балалардың өлімінің нақты себебі әлі анықталған жоқ.
Бұл қылмыстың бетін ашумен 40-қа жуық полиция қызметкері айналысып жатыр.