Оқиғалар 04.09.2020 сағат 15:00

Шри-Ланка жағалауында мұнай супертанкері өртенді

Зардап шеккендер бар.
Шри-Ланка жағалауында мұнай супертанкері өртенді
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бейсенбі күні Шри-Ланканың шығыс жағалауында мұнай супертанкері өртенді. Ел билігі мұнайға толы кеме жағаға қарай қалқи бастағаннан кейін оны тіркеп, сүйреуге кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2 миллионға жуық баррель мұнайды тасымалдаған New Diamond танкеріндегі өрт әлі басылмай жатыр. Танкер бортында экипаждың 23 мүшесі болған, олардың біреуі қаза тапты, қалғандары құтқарылған. Кемеден мұнайдың ағып кету белгілері анықталмағаны хабарланды. Өртті сөндіруге Ресей әскери-теңіз күштері мен Үндістанның жағалаудағы күзет кемелері қатысып отыр.

 Бейсенбі күні таңертең танкердің машина бөлімінде басталған өрт кеменің Indian Oil Corp (IOC) (IOC.NS) (Үндістан мемлекеттік мұнай-газ компаниясы) сақтандырылған мінбесіне ауысқан. Әуелде кеме Тирукковил қаласынан шығысқа қарай 38 шақырым жердегі қайраңда қалған. Ел билігі танкерді тіркеп шығысқа қарай, жағадан алыстау жерге сүйрей бастады.

 Тирукковил – Шри-Ланканың Ампара аумағындағы қаласы. Жақын жерде бүкіл әлемге танымал серфингшілерге арналған Аругам-Бей орналасқан. 

Алдын ала болжам бойынша, теңізшілердің бірі қаза тапты. Экипаж құрамында Грекияның 5 азаматы мен Филиппиннің 18 азаматы болған. Экипаж мүшелерінің бірі жарақат алды. 

Кеменің Кувейттегі Мина-Әл-Ахмади кемежайынан шығып, Үндістанның Парадип кемежайына бағыт алғаны атап өтіледі.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар