04.09.2020, 17:40

Мектепті жарып жібермекші болған жасөспірім ұсталды

фото: pixabay.com
Кейіннен оны тұрғын үйге жатпайтын құрылыс орнына жасырған.

Ресейдің тергеу комитеті Красноярск өңіріндегі мектептердің бірінде оқыс жағдайдың алдын алды, деп хабарлады Baq.kz.

Ресей тергеу комитетінің ақпаратына сүйенсек, ұсталған күдікті 2020 жылдың көктемінде мектеп аумағында лаңкестік әрекетін жүзеге асырмақ болған. 

"Осы мақсатын жүзеге асыру үшін ол жарылғыш заттарды жасау жөнінде нұсқаулықты зерделеп, қажетті заттарды сатып алып, төрт жарылғыш зат жасап қойған. Кейіннен оны тұрғын үйге жатпайтын құрылыс орнына жасырған", - делінген комитет хабарламасында.

Тергеу барысында жасөспірім кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан.