$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда бойжеткен көпірден секіріп өлмек болды (ВИДЕО)

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, оқиға бүгін таңертең болды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Алматылық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиғаның видеосын Алматы қалалық Полиция департаментінің Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев Facebook-тағы парақшасында жариялады.

«Бүгін полиция қызметкерлері Сәтбаев-Байзақов көшесінің бойындағы көпірден секірмек болған қызды құтқарды. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткен туралы 102 нөміріне және қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы Тауерс ғимаратының күзет басшысы хабарлап айтты»,– делінген видеода.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, оқиға бүгін таңертең болды.

«Патрульдік полиция қызметкерлері қыздың өмірін сақтап қалды. Олар сол маңнан өтіп бара жатқан. Бойжеткен көпірдің сыртқы қоршауына шығып алған. Полицейлер оны райынан қатаруға тырысып, әңгімеге тартты, сол кезде полицейлердің бірі қызды ұстап алып, секіруге мүмкіндік бермеді «, -деп хабарлады қалалық полициядан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары