$ 443.85  474.3  4.8

Алматы облысында 6 келі гашиші бар жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Автокөлікті тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті артқы жолаушылар есіктерінің қаптамасынан өсімдік тектес зат салынған ораманы тапқан.

Полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен автокөлік есіктерінің ойықтары арасынан есірткі затын тауып, тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 7 қыркүйек сағат 22.15 шамасында Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Көксу АПБ жедел уәкілдерімен бірлесе өткізген арнайы операция барысында "Алматы-Өскемен" автожолының 241 шақырымында Талдықорған қаласының 53 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Тойота Камри" автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті артқы жолаушылар есіктерінің қаптамасынан өсімдік тектес зат салынған ораманы тапқан. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың қалтасынан куәгерлердің қатысуымен орамадағыға ұқсас зат алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 келі 948 граммды құрап отыр, ол гашиш есірткі заты болып танылды.  

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Аталған дерек ҚР ҚК 296-б. 4-б. (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергелуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары