Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары зираттағы ескерткіштерді қиратып, бояған, деп хабарлайды Stan.kz.
Олыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кішкентай бұзақылар Айыртау ауданындағы зиратты бүлдірген.
"Бүлінген қабір үсті құрылыстарын жергілікті тұрғындар тапты. Келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың зақымданғанын анықтады. Бір ескерткіш акрил бояумен боялған. Сонымен қатар, зиратта орналасқан шіркеудің терезелері сынған", - деді полицияда.
Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде полиция бірнеше күн бұрын қабірлерде 10-12 жастағы үш жасөспірімнің болғанын анықтады. Олар осы фактіге өздерінің қатысы барын растады.
Басталған сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қосымша тергеу әрекеттері жүргізілуде, аяқталғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Қайтыс болған адамды жерлеу орындарын теріс пайдалану фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.