$ 494.87  520.65  4.91

12 жастағы қызбен төсектес болған: БҚО-да шу тудырған іс сотта қайта қаралады

Прокуратура ювеналды соттардың шектеулі жариялылық жағдайында өткізілетіндігіне сілтеме жасай отырып, бұл іс бойынша түсініктеме беруден бас тартты.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Оралда 12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адамға қатысты шыққан сот үкіміне наразылық білдіргендер бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Уральская неделя" басылымының хабарлауынша, "Уран" қоғамдық бірлестігі облыстық прокуратура бірінші сатыдағы сот үкіміне наразылық білдірген. Демек, істі апелляциялық сот алқасы қарайды деп күтілуде.

 Ұйым қадағалаушы органнан бұрын шығарған үкімді жоюды және жаңа сот талқылауын талап ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, прокуратура ювеналды соттардың шектеулі жариялылық жағдайында өткізілетіндігіне сілтеме жасай отырып, бұл іс бойынша түсініктеме беруден бас тартты. 

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысы аудандарының бірінің үш тұрғыны – анасы мен қызы, сондай-ақ олардың таныстары сотқа тартылған. Әйелдер қылмыс туралы хабарламады деген күдік бар, ал ер адам кәмелетке толмаған екі жасөспірімге қатысты бірқатар жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. 

Оған қоса, 11 жастағы қыз бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны туралы жазған едік. Оны өгей әкесі мен немера ағасы қорлаған. Бұл сұмдық алты айдан астам уақытқа созылыпты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары