Алматы облысының Үштөбе қаласынан шу шықты. Бір күнде екі бірдей дене шынықтыру пәні оқытушысы тұтқындалып отыр. Мұғалімдер, 16 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Облыстық полиция таратқан деректерге қарағанда мұғалімдер мектеп оқушысын ғана емес колледж студентіне де зорлық көрсеткен көрінеді. Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Күдіктілер қамауға алынды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу процесі полиция департаменті басшылығының бақылауында", - дейді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.
Мұғалімдер қылмысы қаншалықты дәлелденді және аты-жөндері кім? Бұл сұрақтарды полиция жауапсыз қалдырды. "Тергеу құпиялығына байланысты, басқа ақпарат бермейміз", деді тәртіп сақшылары.
Ал, күдікке ілінген мұғалімдер еңбек өтілі ұзақ болмасада жұмысына адал, білікті ұстаз ретінде танылған. Жағымсыз қылықтары да байқалмапты. Мұны Үштөбедегі аудандық білім бөлімінің басшысы айтып отыр. Ұстаздардың екеуі де отбасылы. Бұрын істі болмаған.
"Негізі, 2017 жылдан бері істеп жүр бұлар, жас мамандар ғой. Мектептің ережесінде бәрі дұрыс. Орысша айтқанда, до этого ничего в плохого не были замешаны. Отбасылы, балалары бар, бойдақ емес", - деді Алматы облысы Қаратал аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Оңғаров.