Көкшетауда ТЖД қызметкерлері арасында болған төбелестен кейін бір адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Облыстық ТЖД басшысы Алексей Советовтың айтуынша, жанжал 17 қыркүйекке қараған түні жұмыстан тыс уақытта өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері арасында болған.
Тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін еді, бірақ тергеу мүддесі үшін толық ақпарат келтірілмейтіні атап өтілді. Жанжал себебі - бір-бірін жақтырмау.
"Қызметкерлердің бірі ауруханаға жеткізілді, оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің өміріне қауіп жоқ", - деді Советов.
Аталған дерек бойынша полиция департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ТЖД-да арнайы комиссия құрылды, ол оқиғаның мән-жайын анықтайды.
"Іс қорытындысы бойынша, кінәлі қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапқа тартылып қана қоймай, қылмыстық жаза алады. Қосымша ақпарат хабарланады", - деп қорытындылады Ақмола облысы ТЖД бастығы.