$ 443.85  474.3  4.8

Қызылордалық екі азамат 55 жастағы әйелді бір апта бойы зорлаған

Қызылорда облысында полиция адам саудасымен байланысты қылмыстың бетін ашты.
Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Қызылорда облысында 55 жастағы әйелді бір апта бойы ұрып-соғып, зорлаған екі ер адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев адам саудасы туралы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, Қызылорда облысында полиция адам саудасымен байланысты қылмыстың бетін ашты. Екі ер адам қаладағы пәтерлердің бірінде 55 жастағы әйелді бір апта бойы заңсыз ұстап, ұрып, зорлаған.

"Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлімі 2-тармағы "Адамды қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Таев.

Айта кетсек, бұл бап бойынша 5-тен 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әйел зорлау