23.09.2020, 09:40

Қостанайда бұзақылық жасап ұсталған ер адам патрульдік көліктен қашып кетті (ВИДЕО)

Фото: видеоан скриншот
Патрульдік көліктің артқы есігінен еркін шыққан адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол көліктен түсіп, кетіп қалған.

Қостанайда ұсталған азамат патрульдік көліктен еркін шығып, кетіп қалды. Қызықты қашудың видеосы желіге тарады, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға жол қиылысында, қызыл шамға тоқтаған кезде болған. Патрульдік көліктің артқы есігінен еркін шыққан адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол көліктен түсіп, кетіп қалған.

Абырой болғанда, тәртіп сақшылары өздері ұстаған азаматтың көлікте жоқ екенін бірден байқап үлгерді. Мас жүргізушіні ұстап, қайта көлікке отырғызды.

Белгілі болғандай, ер адам мас күйінде бұзақылық жасағаны үшін ұсталған.

Ал көліктің есігін мықтап жаппаған полицейлер тәртіптік жазаға тартылды.