Ақтауда әскери бөлімде сарбаздың басына оқ тиген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың мәліметіне қарағанда, оқиға 3502 әскери бөлімінде болған.
«Қатардағы жауынгердің басына оқ тиді. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп жоқ. Оқиға себебі мен мән-жайы анықталады. Қылмыстық қудалау органдары соталды тергеу жүргізіп жатыр», - деп жазылған хабарламада.