29.09.2020, 01:39

Алматыда телефонын қуаттағышқа қойған бойжеткен ажал құшты

Фото: bilim-all.kz
Қайғылы оқиға Алматы облысы ауылдарының бірінің үйінде болғанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде Алматы облысында 9-сынып оқушысы телефонның жарылуы салдарынан қайтыс болды деген хабар тарады. Гаджет қуат көзіне қосулы тұрған. Ақпаратқа облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Kaz.nur.kz

Облыстық полицияның баспасөз қызметі қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні сағат 22.00 шамасында Алматы облысы ауылдарының бірінің үйінде болғанын хабарлады.

Электр тогының әсерінен 15 жастағы қыз қайтыс болды.

"Мектеп оқушысының ұялы телефоны электр қуатына қосулы тұрғаны алдын ала анықталды. Телефон арқылы қызды тоқ ұрған. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп түсіндірді департаментте.