$ 494.87  520.65  4.91

«Қастандықты арнайы топ жасады»: БҚО-да бес үйдің қорадағы малы тірідей жанып кетті

Көзін аша салып, лапылдап жанған отты көрген әйел абдырап қалыпты.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Батыс Қазақстан облысында бес үйдің ауласы өртеніп, қорадағы мал мен құстар тірідей жанып кетті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бәйтерек ауылында түн ішінде тұтанған от лезде лаулап, тұрғындардың тонналаған жем-шөбі де күлге айналған. Шаш етектен шығынға батқан тұрғындар не істерін білмей дал. Төтенше жағдай департаментінің болжамы бойынша, өрт қасақана қойылған.

Шырт ұйқыда жатқан Зинаида көршілердің шуынан оянған. Көзін аша салып, лапылдап жанған отты көрген әйел абдырап қалғыпты. Алайда ол үй-ішімен жұмыла қызыл жалынды өшіруге талпыныпты. Бірақ одан нәтиже шықпаған.

 "Алдымен шошқаларымды сыртқа шығаруға тырыстым. Бірақ жартысы қызыл жалынның құрсауында қалды. Бәрін жанып кетті. Жарығымыз өшіп қалды. Сөндіретін суымыз да, қырсыққанда бітіп қалды. Айтарға сөзім жоқ", - деді Бәйтерек ауылының тұрғыны Зинаида Перевозчикова.

Зинаиданың күйін Достық ауылындағы бес үйдің тұрғындары кешіп отыр. Түн ішінде тұтанған от жұрттың қора-қопсысына түгел жайлап, төрт түлік пен құстар тірідей жанып кетіпті. Сондай-ақ, жұрттың қысқа дайындаған мая-мая жеп-шөбі де күлге айналған. Шығынға батқан бұқара «мұндай қастандықты арнайы топ жасады» деп топшылайды. Бірақ не үшін екені ешкімге белгісіз.

"Бұл топтық жұмыс. Осындай өрт қоюмен айналысатындардың қылығы. Бір кісі барлығын жағуға шамасы жетпейді. Өрттің арасы бес минут. Бар жинағанымыз өртеніп кетті", - деді Бәйтерек ауылының тұрғыны Еркін Әдиев.

Құтқарушылардың да болжамы қарашаныкімен сәйкес келіп тұр. 

"Өрттің өзін қалай көрсеткенінен білуге болады. Шөп астынан бастап өзінен-өзі жанбайды. Найзағай түсіп, үстінен жануы мүмкін. Бірақ кеше күн ашық болды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – қасақана қойылған", - деді БҚО Төтенше жағдай департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев.

Қаскөйлерді табу үшін тәртіп сақшылары да іздестіруге кіріскен. Қазір тілсіз жаудан келген шығын көлемі есептеліп, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жергілікті әкімдік қорадағы малы мен жеп-шөбінен бір сәтте айырылған тұрғындарға көмектесуге уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары