Алматылықтар қанды оқиғаның куәгері болды. Мас ер кісі адам көп жүретін көшеде тамырын кесуге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай Арбатта болды. Оқиға дейін бірнеше минут бұрын қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне мас жолаушы мен оның досы агрессивті әрекет етіп, адамдарға тиіскені туралы шағымданған.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бұзақыларды ұстауға тырысты. Сол кезде алматылық көпшіліктің көзінше өзін өлтірмек болды. Нәтижесінде оны ауруханаға жеткізді. Бірақ жазадан құтыла алмады. Ер адамға айыппұл салынды.
"Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық адамгершілікті қорлайтын мас күйде келгені үшін әкімшілік жаза қолданылады және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауқа алуға әкеп соғады", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.