Ақтауда көлік жүретін жолда бір-біріне жұдырық сілтеп, төбелескен қыз бен жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды деп хабарлайды Lada.kz.
Басылым дерегіне сүйенсек, бұл оқиға Ақтаудағы 16,17,18 және 19 шағын аудандағы көшелердің қиылысында болған. Видеодан қыздың жігітке жұдырық ала жүгіргенін байқауға болады. Жігіт осы сәтте бірнеше соққы алып, артынша сырт киімі арқылы қорғанып, әлгі жерден кетіп қалуға тырысқан. Кейін полиция оқиғаға байланысты 102 нөміріне хабар түспегенін айтты.
"Маңғыстау облыстық ауруханасына да ешкім жүгінген жоқ", – деді полицияның генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.