Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/14 орта қауіпсіздігі мекемесінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері бірнеше сотталушылар арасында туындаған жанжалды ауыздықтады, деп хабарлайды Stan.kz.
5 қазанда бірнеше тұтқындар арасында қақтығыс болып, арты төбелеске ұласқан. Қылмыстық-атқару басқармасы мен Ұлттық гвардия жанжалды тоқтатқан. Соған қарамастан, зардап шеккендер болды.
"Сотталушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олардың үшеуі Қапшағай қалалық ауруханасына жатқызылды. Қазір дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары қанағаттанарлық", - деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мекемеге комитет басшылығы, арнайы прокурор, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігінің және қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері келді.
Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізілуде.