$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында түрмеге әкелінген мантыдан ұялы телефон табылды

Сәлем-сауқатпен жеткізілген 3 литрлік «Кока-кола» сусынынан спирттік ішімдік анықталған.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Түркістан облысының тұрғыны түрмедегі туысына манты ішіне ұялы телефон салып кіргізбек болған. Бұл туралы облыстағы ИЧ 167/9 мекемесінің басшылығы мәлімдеді, деп жазады Baq.kz, otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, сотталушының жақындары телефонмен қоса, телефон чипін де жібермек болған. Бұл осыдан бір ай бұрынғы жағдай.

Ал күні кеше тағы бір сотталушының туысы сәлем-сауқат ішіне тыйым салынған зат салып жібергені анықталды. Белгілі болғандай, сәлем-сауқатпен жеткізілген 3 литрлік «Кока-кола» сусынынан спирттік ішімдік анықталған. Сондай-ақ, спорттық аяқ киімнің ішіне 20 мың теңге салып жіберген екен. Енді олардың әрекеті заңмен жазалануы мүмкін, - делінген хабарламада.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары