$ 448.89  477.93  4.76

Үштөбеде мұздатқыштан 2 жасар баланың мәйіті табылды (ВИДЕО)

Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген.

Алматы облысында екі жасар бүлдіршіннің өлімі ашылды. Оқиға туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

2020  жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жасар баланың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан.

Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. 

Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. 

Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары