$ 494.87  520.65  4.91

Ғашығын өлтіріп, әкесіне тұрмысқа шыққан қыз жұрттың жағасын ұстатты

Болжам бойынша, айыпталушылар ер адамды өлтірген соң, төсек қатынасына түсіп, төрт аптадан кейін үйленіпті.

Американың Батыс Вирджиния штатының тұрғыны сүйіктісін өлтіріп, әкесіне үйленгені үшін 40 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Daily News басылымына сілтеме жасап.

Айыптаушы тараптың айтуынша, Аманда Макклюр және оның әкесі Үлкен Ларри Макклюр 2019 жылдың ақпанында Аманданың сүйіктісі МакГуайрге күштеп метамфетамин енгізіп, содан кейін оны буындырып, басынан ұрған. Оның денесі 2019 жылдың қыркүйегінде Батыс Вирджиния штатындағы Скайгасти аймағынан табылыпты.

Болжам бойынша, айыпталушылар ер адамды өлтірген соң, төсек қатынасына түсіп, төрт аптадан кейін үйленіпті.

Қараша айында Үлкен Ларри хат жазып, онда МакГуайрді өлтіруге қатысқанын мойындаған. 2020 жылдың тамызында ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал қазан айының басында Аманда 40 жылға темір торға тоғытылды.

Сонымен қатар, Аманданың әпкесі Анна Марии Чаудри де МакГуайрді өлтіруге қатысты деп айыпталып отыр. Ол сот үкімін күтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары