5 жастағы британдық Бен Симпсон өмір бойы тек шұжық жеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның тағамға деген талғампаздығы анасы Венди Хьюздің баласын омырау сүтінен айыра бастаған кезде басталды. Ұлы тек шұжық жеп, күніне үш рет су ішеді.
55 жастағы анасы ұлының тамақтануы таңдамалы ауру екенін айтты.
Бала кезінде ол тек француз фриі сияқты тағамдарды жейтін. Бұл оның өміріне әсер ете бастады.
"Кешкі жиындарда жай отырып жылайды немесе түрлі тағамдар бар жерге барудан бас тартты. Егер біз қонаққа баратын болсақ, ол ештеңе жемейтін еді. Бен әрдайым аш екенін айтады, бірақ соған қарамастан ол тамақ ішкен жоқ", - деп еске алды анасы.
Шұжықтардың белгілі бір маркасын сатып алу үшін анасы айына шамамен 75 доллар жұмсауға мәжбүр болды. Сонымен қатар, өсе келе баланың жағдайы нашарлай түскен. Ол үнемі әлсіз күйде жүретін еді. Ал мектептегі үлгерімдері нашар болды. Шарасыз ана жасөспірім ұлының тәттілерді жеуден немесе газды сусын ішуден бас тартқанына таңғалады.
Отбасылық досы оған когнитивті-мінез-құлықтық гипнотерапевт Дэвид Килмурридің қабылдауына баруды ұсынған.
Алғашқы екі сағаттық сұхбаттан кейін, сондай-ақ келесі сессиядан кейін емдеу нәтиже бере бастады, деп мойындады баланың анасы.
Гипнотерапевт баланы басқа тағамды жеп көруге сендіре алды.
"Енді мен оған бірдеңе берсем, ол оны тура аузына салады. Жақында ол балықтың дәмін татты", - дейді Беннің анасы.