Ақтаудағы «Приозерный-3» кентіндегі жанармай құю бекеттерінің бірінде көлік өртеніп кетті. Көлік иесі мас күйінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің хабарлауынша, оқиға кеше түнгі 9-дар шамасында болған. «Приозерный-3» кентіндегі жанармай құю бекетінде «Lexus RX-300» маркалы автокөліктің түгі қалмай өртеніп кеткен.
«Машина толығымен жанып кетті. Куәгерлер жарылыс сәтін видеоға түсірді. Оқиға салдарынан мас күйінде болған көлік иесі зардап шеккен. Өрт 21:16-да сөндірілді»,- деді ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.