Қарағандылық полицейлер бұрынғы сүйіктісіне 20 рет пышақ салған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды облысытық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«10 қазан күні 28 жастағы әйел пышақ жарақатымен облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша, әйел 23 жастағы жігітпен екеуара жанжал кезінде жарақат алған. Әзірге күдікті табылған жоқ», - деп жазылған хабарламада.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, науқас аяқтары және арқасына тиген көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға түсті.