Оқиғалар 13.10.2020 сағат 18:20

Қызылорда облысында ауыл тұрғындары жерге таласып төбелес шығарды (ВИДЕО)

Сондай-ақ, адамға оқ атылғаны да айтылады.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылорда облысында кәсіпкерлер күріш егілген жерге таласып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағамбетов ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода егіс алқабында жүргелі тұрған комбайнның алдына әйелдер тұрып алған. Оқиға орнында полиция да болған. Сондай-ақ, адамға оқ атылғаны да айтылады.  

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі даулы мәселенің шешілгенін хабарлады.  
Ресми ақпаратқа сәйкес, "Асқар Тоқмағамбетов Жер" ЖШС егістік алқабына егілген 105 гектар күрішті жинап алу кезінде екіжақты келіспеушілік болған. Бұған Қызылорда облысының әкімі араласып, мәселе шешілді.

"Бүгінгі күні "Асқар Тоқмағамбетов Жер" ЖШС-ның 90% жарғылық қорының иесі А.Бисенбайдың сенімді өкілі М.Алдоңғаров елдің ауызбірлігі үшін келісімге келді. Нәтижесінде 105 гектар жерге егілген күрішті "Азамат" шаруа қожалығының төрағасы А.Сқақов жинап алатын болды", - деп хабарлады Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал облыстың полиция департаменті осы іс бойынша дерек жиналып жатқанын, жақын арада толыққанды ақпарат беретінін айтты.l

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар