$ 444.22  476.38  4.82

Желіде «Жаркенттің жігіттері» деп қару ұстаған жігіттерді полиция іздестіріп жатыр (ВИДЕО)

Онда көлікте отырған ер адам қомақты ақша салынған сөмке мен Калашников автоматына ұқсақ қаруды көрсетеді.

Алматы облысында полиция Желіде тараған видеоның авторын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде видео тараған. Онда көлікте отырған ер адам қомақты ақша салынған сөмке мен Калашников автоматына ұқсақ қаруды көрсетеді. Сондай-ақ, видео авторларының бірі "Жаркенттің жігіттері" дейді.

"Алматы облысының полиция департаменті бұл видео зерттелгенін, ол бойынша жұмыс жүргізілетінін хабарлады. Қазіргі таңда Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері видеоның авторын және онда бейнеленген адамдарды анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру барысында күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары