$ 449.58  486.94  4.86

Қызылорда облысында 13 жастағы қызды ауылдастары жабылып зорлаған (ВИДЕО)

Азғындық әрекеттерін жүзеге асырған соң, таңға жақын ауыл шетіндегі көлшіктің жағасына апарып тастапты.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында он үш жастағы қызды, ауылдас, ересек екі жігіт зорлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы жәбірленушінің анасы Астана арнасына болған мән-жайды мәлімдеді.

Ол азғындар жазаланбай, ауылда тайрандап жүргеніне ашулы. Оқиға осыдан 5 ай бұрын болған. Анасының сөзіне сенсек, 22 және 25 жастағы ауыл тұрғындары 9-шы мамыр күні кешқұрым оқушы қызды алдап, бірінің үйіне апарған. Азғындық әрекеттерін жүзеге асырған соң, таңға жақын ауыл шетіндегі көлшіктің жағасына апарып тастапты. Сол күні жәбірленуші тарап арызданғандарын айтты. Бірақ іс "сағызша созылып" келеді деп отыр. Ал кәмілет жасына толмаған жасөспірімге қиянат жасағандар бостандықта жүр деп ашынды.  

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

"Оларды ешқандай жауапқа тартылған жоқ. Жауап алынған я қамалған жоқ, я келген жоқ. Бес ай жүзінде мен РОВД-дан ешқандай ақпарат ала алмағандықтан Қызылорда облысынан адвокат жалдап, істі көтергенімде істің қысқартылғанын білдім. Сол екеуінің жазаға тартылып, баламды бүлдірген сол таңатқанша істеген қорлықтарының жазасы тартылсын", - дейді жәбірленушінің анасы.

Оқиғадан кейін, мектеп психологтары қызбен жан-жақты жұмыс жүргізген. Ал облыстық ішкі істер департаменті аталған дерекке қатысты жазбаша мәлімдеме жасады. Онда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқандығын және іс департамент басшылығының қатаң бақылауында деп жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары