Нұр-Cұлтан қаласының тұрғыны сатып алынған кондитерлік өнімдерден дюбельді (бекіткіш шегені) тауып алды. Ол ұн өнімдерін елордалық наубайханалардың бірінде сатып алған екен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
"Өзім сүйіп жейтін сұлы ұнымен жасалатын тоқаштан шеге тауып алып, "сыйға" кенеліп отырмын", - деп жазды астаналық Facebook-те.
Ер адам шегені көргеннен кейін наубайханаға хабарласып, өз контактісін қалдырған. Бірақ оған ешкім қоңырау шалмапты.
"Олар сұлы ұны електен өтпейтінін айтты. Шамасы, олар күрекпен қамыр илегішке ұн салатын шығар ", - деп ашуланды ол.
Ер адам сатып алған ақшасын кері қайтаруды талап етпепті.
"Маған олардың ақшасы керек емес. Сұрамаймын! Бақытымызға орай, ұлым жартысын "тосын сыйсыз" жеді", - дейді астаналық.
Бұл жағдайға желі оқырмандары бей-жай қалмады.
"Мұны жай қалдырмаңыз, өтініш. Мұндай жағдай қайталанбас үшін талқылау сотында шешкеніңіз дұрыс", "Егер шеге кішкентай болып қалғанда ше ...", "тістерің аман ба, өзі?"- деп жазды олар.