$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан әуежайында жанжал шығарған мас жолаушылардың ВИДЕОсы пайда болды

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері оларды тыныштандыруға тырысқаны, алайда олардың қызметкерлердің талабын орындаудан бас тартқаны айтылады.

Нұр-Сұлтан әуежайында мас жолаушылар шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің Нұр-Сұлтан әуежайында бір әйелді сүйреп бара жатқаны және ер адам мен әйел адамның әуежай қызметкерлеріне балағат сөздер айтып жатқаны түсірілген видео тарады.

ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 2020 жылдың 25 қазанында болған.

'Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөліміне "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ тексеру қызметінің инспекторы екі жолаушыға қатысты шаралар қабылдау туралы жазбаша өтінішпен жүгінген", - деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова айтып берді.

Өтініш берушінің айтуынша, олар өздерін агрессив ұстаған және "FlyArystan" әуекомпаниясының "Нұр-Сұлтан - Алматы" рейсіне отырғызу талонынсыз өтпек болған.

Тексеру кезінде Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оларды тыныштандыруға тырысқаны, алайда олардың қызметкерлердің талабын орындаудан бас тартқаны айтылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары