31.10.2020, 03:09

Алматыда жас жігіт 14-қабаттан секіріп ажал құшты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматыда 20 жастағы жігіт 14-қабаттан секіріп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматыда 20 жастағы тұрғын ғимараттың 14-қабатынан секіріп кетті. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Қайғылы оқиға 26 қазан күні болған.