Қызылорда облысы Қазалы ауданында жүк көлігі жол бойында 40 уақ малды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кенті тұсындағы «Шымкент-Самара» тас жолының бойында тіркелген.
Сол маңдағы май құю бекетінің жанында «КамАЗ» жүк көлігі 40 уақ малды басып кеткен.
«Жүк көлігін Қызылорда қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан. Бұл іс бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша хаттама рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.