Қытайдың Шэньси провинциясында ұлы өз анасын тірідей көміп тастаған. Сот оған үкім шығарды деп хабарлайды nur.kz ont.by басылымына сілтеме жасап.
Өз анасын тірдей өлтіргісі келген 58 жастағы азамат сотталды. Басылым ақпарынша, ол 79 жастағы анасын қоларбаға салып, тастанды қабірге өзі көмген. Егде жастағы әйел жоғалып кеткен соң үш күн өткеннен кейін күдіктінің әйелі полицияға хабарласқан.
Кейуана қабірде шамамен 70 сағат жатқан, ол ауруханаға жеткізілді. Болған оқиғадан кейін анасы ұлын абақтыға отырғыза ма деп уайымдаған. Алайда, қыркүйекте қария қайтыс болды. Шэньси провинциясының соты марқұмның ұлын ұйымдасқан кісі өлтіруде кінәлі деп таныды, қытайлық азамат он екі жылға сотталды.