"Зенит" пен Ресей құрамасының капитаны Артём Дзюба ұлттық құрама матчтарынан шеттетілді, деп хабарлайды zakon.kz, Ресей құрамасының телеграм-каналына сілтеме жасап.
Бұған дейін желіде Дзюбаның интимдік сипаттағы видеосы пайда болған.
"Артем Дзюбаға қатысты жағдайдың спорттық тұрғыдан Ресей құрамасына ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан біз бұл жайтты егжей-тегжейлі бағалап, түсініктеме берудің қажеті жоқ деп санаймыз <...>. Осыған байланысты бүгін командаға да, ойыншыға да психологиялық қысым түсірмес үшін Артём Дзюбаны қазіргі оқу-жаттығу жиынына шақырмау туралы шешім қабылданды", - деді Ресей ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов.
Футболшы видео тарағаннан кейін инстаграм парақшасын бұғаттаған. Енді футболшының аккаунтына жазылу мүмкін емес, дегенмен оған бұрын жазылғандарға парақша қолжетімді.
Оған қоса Дзюба Instagram-дағы барлық жазбасы астына жазба қалдыруға шектеу қойған.
Baza-ның мәліметі бойынша, Дзюбаның телефонын хаккерлер бірнеше апта бұрын бұзған. Оның атына видеоға қатысты арыз-талап түскен жоқ. Осы оқиғадан кейін Дзюба телефонын тазартқан, бірақ, хаккерлер оның ішіндегінің барлығын көшіріп үлгерген секілді.