11 қараша күні учаскелік полиция инспекторлары «STOP трафик» шарасы аясында Атыраудағы 5 ықшамауданындағы үйлердің біріндегі пәтерден 25-29 жастағы жеңіл жүрісті 3 әйелді, Алмагүл ықшамауданына қарасты Махамбет көшесіндегі, Азаттық даңғылындағы көпқабатты үйлердің пәтерлерінен 10 әйелді анықтады.
25-28 жастағы жеңіл жүрісті қыздар Қызылорда, Ақтау, Шымкент қалаларының тұрғындары болып шықты. Олар сексуалдық сипаттағы қызметпен айналысу үшін арнайы Атырауға келген.
11 қараша күні кешке Кұлманов көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер жалдап, сексуалдық сипаттағы қызметпен айналысқан Ақтөбелік екі трансвестит жігіттің «кәсібі» әшкереленді.
Жеңіл жүрісті қыздар мен трансвестит жігіттерге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 449-бабы бойынша хаттама толтырылып, ескерту берілді.
Олар жалдаған пәтер иелеріне қатысты жиналған құжаттар Атырау облысы бойынша мемлекеттік Кірістер департаментіне жолдануда.