13.11.2020, 10:00

Қызылордада екі кішкентай бүлдіршін ұрлықпен айналысқан

фото: tengrinews.kz
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстарға 10 және 7 жастағы екі баланың қатысы бар екенін анықтады.

Қызылордалық полицейлер ұрлықпен айналысқан екі кәмелетке толмағанды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 10 қараша күні полицияға қаладағы екі сауда орталығының кәсіпкерлерінен күндіз белгісіз біреулердің ұялы телефондары мен әшекей бұйымдарын ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен. 

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстарға 10 және 7 жастағы екі баланың қатысы бар екенін анықтады. 

Балаларының тәрбиесімен айналыспаған жасөспірімдердің  анасына қатысты тиісті құжаттар жинақталып, ата-аналық құқығын шектеу үшін Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.